АТУ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы технологиялық университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі" атты мерекелік іс – шара өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистент-профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Жұмабаева Құралай Жұмабайқызы мазмұнды баяндама жасап, Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы және азаматтық қоғамды дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында университеттің Ғылыми кітапханасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі ретінде Конституцияның тарихи жолы мен маңызын көрсететін басылымдарды ұсына отырып, кітап көрмесін ұйымдастырды.