АТУ да AWS бұлтты технологиялар бойынша дәріс өтті
АТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында «qCloudy» компаниясының бұлтты технологиялар жөніндегі маманы (Cloud Engineer) Амирхан Оразбайдың «бұлтты тұжырымдамаларға шолу: AWS Academy негіздері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріске «Ақпараттық жүйелер» және «Жасанды интеллект технологиялары» бағыттары бойынша оқитын студенттер қатысты.
Дәріс барысында студенттер бұлтты технологиялармен жұмыс істеудің негізгі принциптері, Amazon Web Services негізіндегі шешімдер архитектурасы, сондай-ақ AWS Academy бағдарламасы бойынша сертификаттау мүмкіндіктері туралы білді.


