АТУ-да «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен жас мамандар және PhD философия докторлары кездесті.
Алматы технологиялық университетінде «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен жас мамандар және PhD философия докторлары кездесті.
Акзира Серікқалиқызы бітіруші курс магистранттарына және докторанттарына «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған ҚР азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» № 403 бұйрығын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Магистратура және докторантура түлектері мемлекеттік грант талаптарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.