АТУ-да Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

АТУ Қамқоршылар кеңесі Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 2005 жылы құрылған. Қамқоршылық кеңестің мүшелері-ірі кәсіпорындар мен салалық одақтардың басшылары, белгілі бизнесмендер, дизайнерлер және мемлекеттік органдардың өкілдері.

Қамқоршылық кеңестің қызметі білім беру бағдарламаларын және жалпы университетті дамытуға бағытталған, өндірістік практика мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.