АТУ-да Қабылдау комиссиясының салтанатты ашылуы өтті!

Салтанатты іс-шараға АТУ Басшылығы мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты: кәсіби бағдар беруші, «OMACADEMY» кәсіби бағдар академиясының негізін қалаушы Омарбек Көшкінбайұлы, «Саха-Білім-Қазақстан» білім беру орталығының өкілі Тартыева Зинаида, Кузьмина Дайана, «Ege Group» білім беру компаниясының (Әзербайжан Республикасы) президенті Гамид Салимов және Түрікменстан Республикасынан келген кәсіби бағдар беруші Бердымурат Гурбанов.

Болашақ студенттер мен олардың ата-аналарының қолайлылығы үшін университетте күту және демалыс аймақтары, электрондық кезек жүйесі, сондай-ақ грант конкурсына және оқуға түсуге өтінім беруге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған.

АТУ Қабылдау комиссиясының мамандары сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша күтеді:

Алматы қ., Төле би көшесі, 100