ATU CUP 10: Республикалық турнир АТУ-да өтті

2025 жылдың 29–30 қараша күндері Студенттермен жұмыс басқармасының және Жастар интеллектуальды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Алматы технологиялық университетінің ректор кубогы — "ATU CUP 10" республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнынан, сондай-ақ Тараз, Шымкент, Петропавл және Қызылорда өңірлерінен 52 фракция қатысты.

Турнир нәтижелері

I орын — 150 000 теңге
«Назипа Құлжанова» фракциясы

  • Ракишова Аяжан (ҚазҰУ)
  • Мұхамет Айдана (ҚызПУ)

II орын — 100 000 теңге
«Дулат» фракциясы

  • Жарылқасын Арман (ҚазҰПУ)
  • Амереев Ахансері (Тұран университеті)

III орын — 50 000 теңге
«Алтын Сапа» фракциясы

  • Абдинасирұлы Бексұлтан (ҚазҰУ)
  • Зұлхарнай Аяулым (ҚазҰУ)

«Үздік Талпыныс» — 30 000 теңге
«ДАНҚ» фракциясы

  • Амангелді Ақмаржан (ҚызПУ)
  • Балтабай Әсел (ҚызПУ)

Ең үздік спикер — 50 000 теңге

  • Жакен Нұрхан (ҚазҰУ)

Үздік спикер — 30 000 теңге

  • Төлебай Гаухар (СДУ)

Үздік төреші — 25 000 теңге

  • Сәдірбаева Сымбат (АТУ)
  • Мейраш Бейбарыс (АТУ)
  • Абдихадир Меруерт (АТУ)