АТУ Бірінші проректоры Нұрахметов Б.К. жетекшілік еткен делегациясы QS халықаралық рейтингтік агенттігінің командасымен стратегиялық кездесулер өткізу мақсатында Лондонға жұмыс сапарымен барды
![]()
АТУ Бірінші проректоры Нұрахметов Б.К. жетекшілік еткен делегациясы QS халықаралық рейтингтік агенттігінің командасымен стратегиялық кездесулер өткізу мақсатында Лондонға жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында QS президенті әрі негізін қалаушы Нунцио Куаквареллимен, сондай-ақ агенттіктің негізгі бағыттары – талдау, тиімділікті бағалау, цифрлық даму және рейтингтер әдіснамасы бойынша басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер барысында университеттің QS World University Rankings, QS Asia, QS Sustainability рейтингтеріндегі позицияларын нығайту, деректер сапасын арттыру, аналитикалық құралдарды дамыту және университеттің халықаралық танымалдылығын күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесулер қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, сараптамалық қолдау көрсету және рейтингтік талдау саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Жұмыс сапары университеттің халықаралық беделі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.



