АТУ «Білім және Мансап 2025» халықаралық көрмесіне қатысуда.

АТУ «Білім және Мансап 2025» халықаралық көрмесіне қатысуда. Іс-шара «Атакент» көрме орталығында өтіп жатыр.

Біздің өкілдер көрмеге келген қонақтарды университетімізбен, білім беру бағдарламаларымен, гранттармен, мансаптық мүмкіндіктермен және АТУ-да оқудың артықшылықтарымен таныстыруда.

АТУ белсенділері университетіміздегі ең жарқын, мазмұнды, шығармашылыққа толы студенттік өмірді, студенттер арасындағы бірлікті және достық атмосфераны тағы да дәлелдеп берді!

Көрме 21 қарашаға дейін жалғасады! Бізді 10-павильон, №123 стендтен таба аласыздар, Atakent-Expo.