АТУ басшылығы университеттің серіктес компаниясы Carlsberg Kazakhstan өкілдерімен кездесу өткізді.
АТУ басшылығы университеттің серіктес компаниясы Carlsberg Kazakhstan өкілдерімен кездесу өткізді.
Carlsberg Kazakhstan делегациясының құрамында КБА кластерінің (Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан) операциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Сергей Рычков және компанияның бас сыра қайнатушысы Роман Багодюк болды.
Кездесу барысында студенттер мен түлектердің өндірістік практикасын ұйымдастыру, тағылымдамадан өтуі және жұмысқа орналасуы бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар білім алушылардың практикалық даярлығының сапасын арттыруға және жас мамандардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара іс-қимылдың келешегін қарастырды.
Компания өкілдері үшін университеттің оқу-өндірістік зертханалары мен өндірістік цехтарына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар АТУ-дың материалдық-техникалық базасымен және болашақ мамандарды даярлау ерекшеліктерімен танысты.
Осындай кездесулер университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, студенттер мен түлектердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.



