АТУ «Атакент» көрме орталығында өтіп жатқан QazPack 2025 халықаралық көрмесіне қатысуда!
Алматы технологиялық университеті «Атакент» көрме орталығында өтіп жатқан QazPack 2025 халықаралық көрмесіне қатысуда!
QazPack – қаптама индустриясы саласындағы өндірушілерді, технологтарды, зерттеушілер мен бизнес өкілдерін біріктіретін Қазақстандағы маңызды оқиға.
Университеттің студенттері мен оқытушылары өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, азық-түлік инженериясы, қаптама дизайны және тұрақты даму технологиялары саласындағы жетістіктерін көрсетті.
Т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Матибаева А. студенттермен бірге көрмеге барып, қаптама технологияларының заманауи үрдістерімен және саладағы инновациялық шешімдермен танысты.



