АТУ «ASIIN» халықаралық агенттігінде халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтті

Құттықтаймыз!

«Алматы технологиялық университеті» АҚ ESG стандарттары негізінде «ASIIN» халықаралық агенттігінде халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтіп, оқытудың жоғары деңгейінің институционалдық, рәсімдік және мәдени талаптарына толық сәйкестігін растады. 

Университет салалардағы тұрақтылыққа, ұзақ мерзімді құндылықтар мен жетілу деңгейлеріне қол жеткізді:
✅ Сапаны анықтау
✅ Білім беру бағдарламалары / Курстар / Тренингтер
✅ Ресурстарды басқару
✅ Ашықтық және құжаттама 

«АТУ» АҚ халықаралық институционалдық аккредиттеу сертификаты 2023 жылғы 24 наурыздан бастап 2029 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.