АТУ Қамқоршылық кеңесі: ынтымақтастықты дамыту және ортақ міндеттер

Алматы технологиялық университетінде негізгі жұмыс берушілерді, бизнес өкілдерін және АТУ серіктестерін біріктіретін Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар Қамқоршылық кеңестің 2025–2026 оқу жылындағы қызметін қорытындылап, университеттің өзекті міндеттерін талқылады және ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарын айқындады. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сұранысқа ие мамандарды даярлауға серіктестерді тартуға және университет бастамаларын қолдауға ерекше назар аударылды.

Стратегиялық даму департаментінің директоры Гулзира Кажмуратовна Василина ЖОО-лардың сұранысқа ие болуының ұлттық рейтингі нәтижелерін таныстырды. АТУ-дың рейтингтегі орнын тұрақты түрде жақсартып, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтып, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларына деген сұранысты арттырып келе жатқаны атап өтілді.

АТУ Эндаументінің атқарушы директоры Асель Болатовна Каламбаева қор дамуының жаңа кезеңі, оның қазіргі қаржылық және ұйымдық негізі, сондай-ақ бірлескен білім беру, әлеуметтік және кадрлық бағдарламаларды іске асыру перспективалары туралы баяндады. Жұмыс берушілер мен серіктестердің студенттерді қолдауға, кадрлық әлеуетті дамытуға және университеттің басым жобаларын іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу мүмкіндіктері жеке атап көрсетілді.

Қамқоршылық кеңес мүшелері ұсыныстарды талқылап, салалардың өзекті қажеттіліктерін айқындады және университетпен одан әрі ынтымақтасуға дайын екендерін растады.

Отырыстың 16 қазан — Нан күніне тұспа-тұс келуі де ерекше мәнге ие болды. Кәсіби тұрғыдан маңызды осы күнге орай Қамқоршылық кеңестің нан пісіру саласының өкілдері арнайы құттықталды.

Отырыс университет, жұмыс берушілер мен серіктестер арасындағы ашық диалог алаңына айналып, ағымдағы оқу жылындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.