АТУ ғалымдарының жеті ғылыми жобасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруына ие болды!

Құттықтаймыз!
Алматы технологиялық университеті ғалымдарының жеті ғылыми жобасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруына ие болды!
Ғалымдарымызға ғылыми бастамаларды іске асыруда табыс тілейміз!
«Арнайы қасиеттері бар жаңа текстиль материалдарын алу технологиясын жасау» жобасы, басшы - Джуринская Индира Михайловна.
«Өсімдік шикізаты негізінде құрамында каротиноидтары бар препараттарды алу технологиясын жасау» жобасы, басшы - Калимолдина Лайла Маутеновна.
«Төменэтерифицирленген пектин мен көп дәнді функционалды кондитер өнімдерінің (маффиндер, берлинерлер, галеталар, крекерлер) тиімді технологиясын жасау» жобасы, басшы - Искакова Галия Куандыковна.
«Табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын қаптамаларды жасау және оның нан өнімдерінің қауіпсіздігіне әсерін зерттеу» жобасы, басшы - Мулдабекова Баян Жаксылыковна.
«Дәнді және бұршақ дақылдарынан әртүрлі дисперсті тұтас ұнтақталған ұнды ұзақ уақыт сүрлемде қауіпсіз сақтаудың технологиясын әзірлеу» жобасы, басшы - Жиенбаева Сауле Тургановна.
«Халықтың әл-ауқатын арттырудағы цифрлық қаржылық сауаттылықтың әлеуеті» жобасы, басшы - Ералиева Яна Александровна.
«Жасыл экономиканы қолдау үшін мемлекеттік қаржылық реттеу құралдарын құру және қолданудың инновациялық әдістері» жобасы, басшы - - Айтказина Мадина Амангельдиновна.