АТУ ғалымдары «Ет өнеркәсібі. Тауық королі. Агроөнеркәсіптік кешенге арналған суық индустриясы – 2026» халықаралық көрмесінде Гран-при иегері атанды

АТУ ғалымдары Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы заманауи «Тимирязев Центр» кешенінде өткен жыл сайынғы «Ет өнеркәсібі. Тауық королі. Агроөнеркәсіптік кешенге арналған суық индустриясы – 2026» халықаралық көрмесіне қатысты.

Аталған көрме ет өнеркәсібі мен құс шаруашылығына арналған озық технологияларды, инновациялық жабдықтар мен құрамдас бөліктерді таныстыратын маңызды салалық алаң болып табылады. Бұл технологиялар қауіпсіз әрі сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 113-тен астам компания қатысты.

Көрме қорытындысы бойынша Алматы технологиялық университеті жоғары марапаттарға ие болды:

Дәстүрлі емес шикізат түрінен ет консервілерін өндірудің инновациялық технологиясын әзірлегені үшін ГРАН-ПРИ

Авторлар:
Т.К. Құлажанов,Я.М. Узаков,Р.Р. Имамдунов,М.О. Қожахиева,А.М. Айтбаева.

Балалар тағамына арналған құс етінен консервілер өндірудің инновациялық технологиясын әзірлегені үшін ГРАН-ПРИ

Авторлар:
Я.М. Узаков,М.А.-А. Қалдарбекова,А.Т. Топаева,Р.Қ. Байқабылов,А.Н. Тортай.

Ғалымдарымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстар мен жеңістер тілейміз!