АТУ ғалымдары Erasmus+ бағдарламасы аясында Mendel University-де өткен International Week-ке қатысты
АТУ ғалымдары Erasmus+ бағдарламасы аясында Чехия Республикасының Брно қаласындағы Mendel University-де өткен International Week іс-шарасына қатысып, тамақ және қайта өңдеу саласының өзекті бағыттары бойынша бірқатар қонақ дәрістер өткізді.
Университет делегациясының құрамында: Экономика және бизнес факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Абдраимова Диана Байшағылқызы, Тағам технологиялары факультетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессор м.а., т.ғ.д. Шаншарова Динара Айтпаевна, сондай-ақ осы кафедраның PhD, ассистент-профессоры Керімбаева Ажар Адилханқызы болды.
Сапар аясында Mendel University өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулері өтіп, онда академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың келешегі, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.



