АТУ-ға Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының делегациясы білім беру жөніндегі консул ресми сапармен келді

АТУ-ға Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының делегациясы білім беру жөніндегі консул, Хуан Сяоминь ханымның жетекшілігімен ресми сапармен келді.

Аталған сапар біздің университет пен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталды.

Қонақтар үшін АТУ-дың шығармашылық студенттік ұжымдары арнайы концерттік бағдарлама дайындап, екі ел жастары арасындағы мәдени өзара ықпалдастықты және АТУ студенттерінің қытай мәдениетіне деген қызығушылығын көрсетті.

Сонымен қатар сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтіп, оның барысында ынтымақтастықты дамыту, қытай тілі бағытын кеңейту және студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.