АТУ-ға Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданынан (СҰАА) келген ғалымдар мен бизнес өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен келді.

АТУ-ға Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданынан (СҰАА) келген ғалымдар мен бизнес өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен келді.

Делегация құрамында болғандар: Іле Қазақ автономиялық округінің Ғылым және технология басқармасының бастығы Ерболат Магау; халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Пэн Чжихао; басқарма қызметкері Цуй Юэ; Алматы қаласындағы Іле округі өкілдігінің қызметкері Гэн Сяофан; осы өкілдіктің тағы бір қызметкері Арын Нуртай; «Нала» Іле сүт өнімдері компаниялар тобының бас директоры Чжан Лижу; осы компанияның зерттеу және даму жөніндегі директоры Хуан Синьхун; бас директордың көмекшісі Чжан Ляньчао; «Или Чуаннинг Биотех» компаниясының бас директорының орынбасары Юан Хончжан; осы компанияның зерттеу орталығының бөлім бастығы Чжан Хайлей.

Сапар барысында АТУ Басшылығымен және университет ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуде АТУ-дың Тағам технологиялары факультеті мен СҰАА ғалымдары, сондай-ақ өндірістік компаниялары арасында үй жануарларына арналған азықтар бойынша ғылыми ынтымақтастық және жұмыс жоспары талқыланды.

Тағам технологиялары факультетінің ғалымдары мен СҰАА компанияларының ғалымдар тобы халықаралық жобалар гранттарына бірлескен өтінім дайындады. Зерттеу жұмысының мақсаты – СҰАА мен Қазақстандағы өсіру аймағын, тұқым ерекшеліктерін және азықтық базаның жағдайын ескере отырып, бірөркешті және қосөркешті түйелерге арналған заманауи азықтандыру рациондарын әзірлеу, сондай-ақ олардың сүтінің құрамы мен функционалды-технологиялық қасиеттерін зерттеу.