АТУ-ға "Erasmus +" Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі келді.

АТУ-ға "Erasmus +" Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова келді.  Сапар барысында университет басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Кездесуде еуропалық мәдени және білім беруді дамыту агенттігінің ЕАСЕА бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша ақпарат, сондай-ақ "Erasmus +" жобаларын іріктеу нәтижелері ұсынылды.

Кездесу аяқталғаннан кейін Лаураға АТУ бас оқу корпусының оқу орталықтары мен зертханаларына экскурсия жүргізілді.