«АТУ» АҚ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРХАНАСЫ
2024 жылғы 30 қазанда Алматы технологиялық университетінде «Оқытушының әдістемелік шеберханасы» жаңа жобасын іске асыру, шеңберінде оқыту шекараларын кеңейту және педагогикалық практикада заманауи трендтерді пайдалану мүмкіндіктері бойынша оқыту практикалық семинары өтті.
АТУ оқытушылары оқытушының кәсіби этикасын дамыту, оқытудың кәсіби мәдениетін арттыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Бұдан әрі тыңдаушылардың назарына оқытушылық қызметте Ai пайдалану бойынша практикалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері ұсынылды. Сондай-ақ, жобалық оқыту мүмкіндіктері ұсынылып, практикалық кейс құрастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Оқу материалын шығармашылық, визуализациялау және геймификациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқытушының әдістемелік шеберханасының спикерлері – Академиялық cұрақтар жөніндегі проректор Л.К. Байболова, «ТиСО» кафедрасының меңгерушісі М. Ж. Қоңырбеков, «ҚИ» кафедрасының сеньор-лекторлары Б. Ә. Талпақова мен Ж. Б. Полатова, ЦИОТ директоры А. А. Калабина, «ЭиМ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Д.А. Құнанбаева және «БУиФ» кафедрасының профессоры Ж. М. Елубаева болды.
Ұйымдастыру комитеті «АТУ» АҚ «Оқытушының әдістемелік шеберханасы»