АТУ-ға іссапармен Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы Солтүстік Қытай энергетика университетінің (North China Electric Power University) делегациясы келді.

АТУ-ға іссапармен Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы Солтүстік Қытай энергетика университетінің (North China Electric Power University) делегациясы келді. Делегация құрамында Университет Президенті – Ms. Bi Tianshu, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры – Ms. Li Bo, Халықаралық білім беру институтының деканы – Mr. Qi Zheng, Компьютерлік инженерия және қауіпсіздік мектебінің декан орынбасары – Mr. Lyu You болды.
Кездесу барысында университеттер арасында экономика және менеджмент, автоматтандыру және басқару, цифрлық энергетика салаларында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.