АТУ-ға Chengtao Wang профессоры бастаған "Пекин технология және бизнес университетінің" (BTBU) делегациясы келді.

АТУ-ға  "Азық-түлік және химиялық технологиялар мектебінің" директоры, Chengtao Wang профессоры бастаған "Пекин технология және бизнес университетінің" (BTBU) делегациясы келді.  Кездесу АТУ серіктес компаниясы, ірі жұмыс берушілерінің бірі "Цин-Каз" ЖШС  қолдауымен ұйымдастырылды.     
Сапар аясында АТУ басшылығымен және Тағам технологиялары факультетінің деканатымен кездесу өткізілді. Кездесуде Университеттердің ынтымақтастығы үшін ықтимал бағыттар мен жолдар талқыланды. Сондай-ақ, қонақтар үшін Тағам технологиялары факультетінің практикалық сабақтарына арналған оқу ғылыми-техникалық кешені мен зертханалары бойынша экскурсия өткізілді.  
Сапар қорытындысы — 2024-2025 оқу жылының басына ынтымақтастық туралы меморандумды талқылау үшін келесі кездесуді өткізу жоспарланды.