АТУ — да алғаш рет «Жарық» Жастар театрының «Тағдыр кафесі» спектаклінің премьерасы өтті.

2025 жылғы 2 желтоқсанда Студенттермен жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен университет қабырғасында алғаш рет «Жарық» жастар театрының «Тағдыр кафесі» спектаклі қойылды.

Премьераға қаладағы 7 жоғары оқу орны мен 2 колледждің өкілдері, сондай-ақ Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Асқар Әкімбек арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде тәрбие ісі жөніндегі 1-проректор Көркем Сатылхановна мен құрметті қонақ Асқар Әкімбек сөз сөйлеп, спектакльдің маңыздылығы мен жастар театрының шығармашылық ізденісіне жоғары бағаларын берді.Шараға жалпы 300-ге жуық көрермен қатысып, спектакльдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.