АТУ - да «Ұлы дала – Великая степь» тақырыбындағы «Жобаларды қорғау» іс-шарасы өтеді.

«Алматы технологиялық университеті» АҚ-да «Ұлы дала – Великая степь» тақырыбындағы «Жобаларды қорғау» іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамыту, Ұлы даланың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін дәріптеу, сондай-ақ жастардың инновациялық идеялары мен креативті бастамаларын қолдау.

Іс-шара аясында қатысушылар ұлттық болмыстың тарихи, мәдени және заманауи дамуын көрсететін әртүрлі бағыттар бойынша авторлық жобаларын ұсынады.