АТУ - Қазақстанның ТОП-5 университеттерінің бірі
АТУ – Қазақстанның ТОП-5 университеттерінің бірі, елдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, 70 жылдық табысты тарихы бар! Қолжетімді бағадағы беделді білім! АТУ ең үздік білімді баршаға қолжетімді етеді!
Көптеген білім гранттары — оқу бағыттары бойынша 20 мыңнан астам* грант (*ҚР барлық ЖОО-ларына).
Ақылы бөлімге түсу шекті балы – 50 балл!
Қазақстандық және шетелдік үздік оқытушылар, жыл сайын бизнес саласының кәсіби мамандары өткізетін 100-ден астам қонақ дәрісі мен мастер-класстар!
Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі жоғары — 90%-дан астам, 500-ден аса серіктес компания!
Әлемнің үздік университеттерімен 4 қосдипломды білім беру бағдарламасы. Оқуды аяқтағаннан кейін бірден екі беделді диплом алу мүмкіндігі:
- Hotel and Tourism Management Institute, Швейцария
- Henan University of Urban Construction, Қытай
- Shanghai Jian Qiao University, Қытай
- The International Campus of Swiss Geneva Business Institute at the Antalya Academy of Tourism (Түркия)
Әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламалары: Болгария, Италия, Германия, Литва, Түркия, Қытай, Венгрия, Польша. Біздің халықаралық серіктестік географиямыз жыл сайын кеңейіп, студенттерге жаңа бірегей мүмкіндіктер ұсынады!
Ең дамыған ғылыми-техникалық база негізіндегі тәжірибеге бағытталған білім беру:
12 оқу-ғылыми орталық,
6 ғылыми-зерттеу зертханасы,
ATU Inn оқу мейрамхана-қонақүй кешені.
Ғылыми дамуға арналған ең үздік мүмкіндіктер:
3 ғылыми-зерттеу институты
2 Қазақстан-Қытай ғылыми орталығы және бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасы
Дамыған инфрақұрылым: 5 оқу корпусы, 5 жатақхана, 2 спорт залы, 3 акт залы, әр оқу корпусындағы ғылыми кітапханалар, Студенттерге қызмет көрсету орталығы және жеке медициналық орталық.
Жарқын студенттік өмір! АТУ-да сіз тек сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық және ғылыми-зерттеу қабілеттеріңізді дамытуға мүмкіндік ала аласыз!
Жас ғалымдар мен зерттеушілерге арналған 17 ғылыми клуб, 37 шығармашылық жастар клубы.






