АТУ - ға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің өкілдерікелді

АТУ - ға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің өкілдері-  басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі  Кашкинбаева Назира Тулепбергеновна және Персоналды басқару қызметінің басшысы Белалов Давир Турсунович келді.

Сапар барысында АТУ Бірінші проректоры Нурахметов Бауржан Кумаргалиевич, Экономика және бизнес факультетінің деканы Абдраимова Диана Байшагыловна, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Саханова Гаухар Бахытовна, оқу-әдістемелік басқарманың басшысы Ахметова Нурсулу Кадыровна және Мансап орталығының басшысы Джапабаева Гульжан Кайратовнамен кездесу өтті. Кездесу барысында түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ студенттердің оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өту мәселелері талқыланды.

Сапар аясында бітіруші курс студенттерімен де кездесу ұйымдастырылып, Бюро өкілдері құрылымдық органда жұмыс істеудің артықшылықтары мен жұмысқа орналасу ережелері туралы ақпарат берді.