Astana Hub қонақ дәрісі: АТУ студенттері үшін IT саласындағы табысқа жету жолы
АТУ-дың Экономика және бизнес факультетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Astana Hub» автономды кластерлік қорының Алматы қаласындағы филиалының бас менеджері Қалымбетова Райханның қатысуымен қонақ дәріс өтті.
Дәріс тақырыбы: «IT – экожүйе: білім, дағдылар және жеке табысқа жету жолы».
Дәріс барысында студенттер қорға ұсынылатын мүмкіндіктер, әртүрлі бағыттағы білім беру курстары, сондай-ақ AI және Start-up салаларындағы қосымша білім мен дағдылардың маңыздылығы туралы білді.


