Ашық аспан астындағы кино кеші
Студенттер үшін жайлы атмосферада жақсы фильм тамашалап, достарымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін ашық аспан астындағы кино кеші ұйымдастырылды.
Кеш барысында студенттер таза ауада фильм тамашалап, бір-бірімен еркін араласып, жағымды эмоциялар мен ерекше әсерге бөленді. Ашық аспан астындағы кино көрсетілімі күнделікті оқу үдерісінен аз уақытқа алшақтап, студенттік өмірдің қызықты сәттерін бірге бөлісуге мүмкіндік берді.