«Арнайы және инклюзивті білім беру ерекшеліктері» тақырыбында cеминар-тренинг

2025 жылдың 17 желтоқсан күні Оқу-әдістемелік басқармасы «Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» ұйымдастыруымен «Арнайы және инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында педагогтерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында инклюзивті білім берудің негізгі аспектілері, жоғары оқу орындарындағы (жоо) инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы жайлы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жүйелілігі мен тәртібі, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арнайы және инклюзивті білім берудегі бейімделген және жеке оқу бағдарламаларын құру алгоритмі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.