Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауында жеңімпаз атанды.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 671 студент қатысып, олардың арасынан үздік 200 студент анықталды. Сол үздіктер қатарынан кафедраның 3 студенті арнайы шәкіртақы иегері атанды.

Жеңімпаздар:

  • Құдайберген Мадина Маратқызы
  • Шакен Гүлден Тұрғамбекқызы
  • Жумаділ Аяжан Ержанқызы