«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

1 мамыр – Бірлік күніне орай Ақпараттық жүйелер кафедрасында іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – көпұлтты қоғамдағы өзара құрмет пен достықты насихаттау.

Іс-шара барысында студенттер ұлттық тағамдар дайындап, түрлі халықтардың ұлттық киімдерін көпшілікке таныстырды. Ұсынылған мәдени элементтер мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Бағдарлама концерттік бағдарламамен жалғасып, студенттер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.