Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері HackAlem AI-ға қатысты!
Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері атынан Астанада өткен әлемдегі ең ірі agentic-AI хакатоны - HackAlem AI-ға қатысты!
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының сениор-лекторы Рашидинов Дамир Рашидинұлының жетекшілігімен біздің талантты студенттер AI технологияларын пайдалана отырып, инновациялық шешімдер әзірлеу бойынша жарысқа қатысты. Қатысушылар AI, бағдарламалау, деректерді талдау және цифрлық шешімдерді әзірлеу салаларындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды.
АТУ студенттері өздерінің кәсіби және жобалық құзыреттерін дамытып, командалық жұмыс дағдыларын шыңдап және кәсіби әрі технологиялық қауымдастықпен өзара байланысын кеңейте отырып, түрлі бейінді іс-шараларға қатысады.

