Ақпараттық технологиялар факультетінде Наурыз көктем мерекесі

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні!

Ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасы университет студенттеріне арналған мерекелік Наурыз іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында: ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, концерттік бағдарламалар көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, ерекше атмосфера сыйлаған бауырсақ party ұйымдастырылып, барлық АТУ студенттері мен қызметкерлері ұлттық дәмнен ауыз тиді.