АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

Алматыда Қазақстанның эндаумент-қорларының кездесуі өтті. Іс-шараға эндаументтер, Ғылым және жоғары білім министрлігі, инвестициялық компаниялар, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, нысаналы капитал қорларының қатарынан 40-тан астам өкілдері қатысты.

ҒжЖБМ жобалық кеңсесінің басшысы Фархад Куанганов қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауына келіп түскен нысаналы капитал қорлары (эндаументтер) туралы заңның қабылдануына байланысты эндаумент-қорларды күтіп тұрған өзгерістер туралы, сондай-ақ заң жобасындағы соңғы өзгерістер туралы айтты. "Аврора-ата" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Светлана Лаврова ресейлік және американдық мақсатты капитал қорларының жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Эндаументтердің активтерін сенімгерлік басқару мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды, бұл туралы инвестициялық компаниялардың өкілдері айтып берді. Жұмыс істеп тұрған эндаумент-қорлардың жұмысы олардың басшыларының сөз сөйлеуі кезінде ұсынылды, іс-шара соңында қатысушылар заңның қабылдануына байланысты эндаументтер алдында туындайтын өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының атына заң жобасын, атап айтқанда, елдің нысаналы капитал қорларын дамыту үшін салық жеңілдіктерінің қажеттілігі туралы қолдауды сұрап өтініш қабылданды.

Іс-шара Standard, Tansar Capital инвестициялық компанияларының және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.