Алматы технологиялық университетінде жалпы республикалық «Ұлттық диктант» өтті
2025 жылдың 19 желтоқсанында Алматы технологиялық университетінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тіл мәдениетін дамытуға бағытталған жалпы республикалық ұлттық диктант өтті.
«Ұлттық диктант» жобасына қолдау көрсету мақсатында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен құрылымдық бөлімше қызметкерлері қатысты.
«Ұлттық диктант» жобасына атсалысқан университеттің 150-ден аса қызметкерлері мемлекеттік тілде сауатты жазумен қатар азаматтық жауапкершілік пен тілге деген құрметі көрініс тапты.


