Алматы Технологиялық Университетінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кездесу өтті.

Алматы Технологиялық Университетінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға блогер Жарылқасынов Алпамыс қатысып, студенттермен ой бөлісті.

Кездесу барысында ол спортпен тұрақты айналысудың, ерте тұрудың және үздіксіз білім алудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара студенттерге мотивация беріп, пайдалы кеңестер алуға және пікір алмасуға мүмкіндік жасады.