Алматы технологиялық университетінде NIT делегациясымен ресми кездесу өтті

Алматы технологиялық университетінде Нанкин технология институтының (Nanjing Institute of Technology, NIT) вице-президенті, профессор Zhu Songqing жетекшілік еткен делегациямен ресми кездесу өтті.
Кездесу Нанкин технология институтымен (ҚХР) алдын ала келісу негізінде Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Кездесуге АТУ бірінші проректоры, профессор Нұрахметов Б.К., Дизайн, тоқыма және киім технологиясы факультетінің деканы, профессор Сарттарова Л.Т., Экономика және бизнес факультетінің деканы, профессор Абраимова Д.Б., сондай-ақ екі факультеттің кафедра меңгерушілері қатысты.
NIT делегациясының құрамында Механика және инженерия мектебінің деканы, профессор Ding Wenzheng және Академиялық мәселелер жөніндегі кеңсенің Оқыту және оқытуды дамыту орталығының директоры, профессор Wang Hongyan болды.
Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми ынтымақтастық және академиялық алмасу салаларындағы болашақ серіктестік мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жоғары оқу орны арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.