Алматы технологиялық университетінде кураторлар мен студенттердің Алматы жастар саясаты басқармасымен кездесу өтті

Алматы технологиялық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшылығымен кездесу өтті. Іс-шараға 1-курс студенттерінің старосталары мен кураторлары қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Оралбекұлы жастарға арналған түрлі қалалық жобалар мен бастамалар туралы баяндама жасады. Ол белсенді студенттерге қалалық әкімдік тарапынан көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын, сондай-ақ мәдени және әлеуметтік іс-шараларға қатысу кезінде жеңілдіктер мен қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық қамту бөлімінің басшысы Беккайыров Нұрсұлтан Болатұлы сөз сөйлеп, алдағы уақытта Алматы қаласының жастарына ғылыми және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы гранттар бөлінетінін хабарлады.

Кездесуде студенттерге жастар саясатының өзекті бағыттары туралы толық ақпарат берілді.