Алматы технологиялық университетінде «AMANAT» партиясы мүшелерінің кездесуі
2026 жылғы 20 ақпанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық университетінің негізгі оқу ғимаратында, кіші акт залында «AMANAT» партиясының мүшелерінің кездесуі өтеді.
Партия мүшелері жаңа конституциялық реформалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және өзекті қоғамдық-саяси бастамаларды талқылау үшін кездеседі.
Іс-шараға қатысатын тұлғалар:
- Фазылжан Анар Мұратқызы — филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тілтану институтының директоры, Жалпыұлттық коалиция мүшесі;
- Ордабаева Найля Алтынбековна — «AMANAT» партиясының Орталық аудандық филиалының төрайымы, Жалпыұлттық коалиция мүшесі;
- Жумабаев Бакытбек Ашимович — Алматы қалалық маслихат депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі;
- Асабаев Махамбет Қайпназарович — «MaxMedGlobal» ЖШС директоры, Жалпыұлттық коалиция мүшесі.
Оқытушылар мен студенттерді шараға қатысуға шақырамыз.