Алматы технологиялық университеті QS Quacquarelli Symonds 2025 тұрақты даму рейтингіне еніп, рейтинг көрсеткіштері бойынша Қазақстан университеттерінің арасында көшбасшылық позицияларында!

Алматы технологиялық университеті QS Quacquarelli Symonds 2025 тұрақты даму рейтингіне еніп, рейтинг көрсеткіштері бойынша Қазақстан университеттерінің арасында көшбасшылық позицияларында!
 2025 жылы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі үздік университеттер арасында QS агенттігінің рейтингі - QS Sustainability Rankings 2025 жарияланды.
QS Sustainability Rankings 2025 құрамына 107 ел мен аумақтан 1743 жоғары оқу орны кіреді. Аталған рейтинг жоғары оқу орындарының қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге қосқан үлесін бағалауға бірегей мүмкіндік береді. 
 Негізгі жетістіктер:
Жалпы рейтинг: 1501 + әлемдегі ең үздік 1743 университеттің рейтингінде.
Азия елдерінің рейтингі: 661 университет арасында 545-ші орын.
Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы Рейтинг: рейтингке кірген Қазақстанның 17 университетінің ішінен 15-ші орын.
Жалпы әлеуметтік әсер: Қазақстанда 3-ші орын.
Жалпы экологиялық әсер: Қазақстанда 4-ші орын.
 
Алматы технологиялық университеті көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады:
Экологиялық әсер:    
Экологиялық зерттеулер: 8
Экологиялық білім: 1
Экологиялық тұрақтылық: 3

Әлеуметтік әсер:
Денсаулық және әл-ауқат: 1
Білімге әсері: 2
Жұмысқа орналасу және мүмкіндіктер: 3
Теңдік: 4
Басқару: Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 16-шы орын, бұл барлық процестерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін, ашықтықты және этикалық қағидаттарға бейілділікті көрсетеді.