Алматы технологиялық университеті Медеу ауданындағы «Білім көрмесіне» қатысты

2026 жылдың 6–24 сәуір аралығында Алматы қаласы Медеу ауданында «Аманат» партиясының қолдауымен тұңғыш рет 8–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Бір айға жуық өткен іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат ұсыну және оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын арттыру болды.

Аталған білім көрмесіне Алматы технологиялық университеті белсенді қатысып, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, оқу бағыттары, қабылдау талаптары мен студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.

Университет өкілдері оқушылармен кездесіп, олардың болашақ мамандық таңдауға қатысты сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, халықаралық байланыстары, білім гранттары және студенттік өмірі жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынылды.

Мұндай кәсіби бағдар беру іс-шаралары мектеп түлектерінің саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Алматы технологиялық университеті алдағы уақытта да талапкерлермен тығыз байланыс орнатып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыра береді.