Алматы технологиялық университеті әлемдегі ең үздік университеттердің бірі атанды

Алматы технологиялық университеті QS World University Rankings 2026 рейтингісінің 22-ші басылымы бойынша әлемнің үздік университеттерінің бірі атанды! Сертификат пен марапатты табыстау салтанатты рәсімі Алматы қаласындағы «Конкордия» жастар театрында өтті.

Жоғары марапатты Халықаралық QS рейтинг агенттігінің Аймақтық директоры Сергей Христолюбов пен Халықаралық QS рейтинг агенттігінің Коммерциялық директоры Джеймс Ньюман табыс етті.

Рейтингке енген 20 қазақстандық жоғары оқу орнының ішінде АТУ еліміздің үздік ТОП-10 университетінің қатарына кіріп, әлемнің үздік университеттері арасында 1001–1200 орынға тұрақтады.