«Алматы технологиялық университеті» АҚ XVIІ Республикалық пәндік олимпиаданың IІ кезеңін өткізеді.

«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2025 жылдың 2 мамыр күні Қазақстан ЖЖОКБҰ студенттері арасында «В045 Аудит және салық салу» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVIІ Республикалық пәндік олимпиаданың (бұдан әрі-РПО) ІІ кезеңін өткізеді.

РПО өткізу нысаны – «Цифрландыру дәуіріндегі есеп және аудит: тұрақтылық, ашықтық, тиімділік» тақырыбына бизнес-квест. 

II кезеңге қатысуға арналған өтінімдер (XVIІ Республикалық пәндік олимпиада) 2025 жылғы 25 сәуірге дейін (қоса алғанда) olimpiadafingram@gmail.com  электрондық поштасына хат тақырыбында «ЖЖОКБҰ_РПО_өтінім» деп көрсету арқылы жіберілуі тиіс.

РПО-ға қатысу үшін конкурстық пакет құрамы:  

  • РПО-ның 1 кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖЖОКБҰ Ғылыми кеңесінің хаттамасымен рәсімделген шешімі;
  • әрбір қатысушының оқу орнынан анықтама;
  • жеке куәлік / паспорт(көшірмесі);
  • қатысушының өтінімі (авторлар және ғылыми жетекші туралы мәліметтер)