«Алматы Resort» қонақ үйінің басқарушы директоры қонақ дәрісі мен шеберлік сабағын өткізді

АТУ-дың Экономика және бизнес факультетінің 6В11101 «Туризм» және 6В11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттеріне «Мейрамхана және мейманхана қызметін жобалау» пәні аясында қонақ дәріс және мастер-класс өтті.

Іс-шараға «Almaty Resort» қонақ үйінің басқарушы директоры Серікжан Еркеғали Серікжанұлы қатысты.

Кездесу барысында Еркеғали Серікжанұлы өзінің мансаптық жолы, «Almaty Resort» қонақ үйіндегі бизнес-процестерді ұйымдастыру туралы айтып, қызықты әрі пайдалы life hack-тарымен бөлісті. Сонымен қатар мастер-класс өткізіп, студенттер өз білімдерін тәжірибеде қолданып, қонақтың берген ұсыныстары мен кеңестерін пайдаланды.