Алматы қаласында «Қазақстан – Холод 2026» XV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

Алматы қаласында «Қазақстан – Холод 2026» XV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны жыл сайын ұйымдастырушылардың бірі – Алматы технологиялық университеті.

Іс-шараға саланың ірі отандық және шетелдік компаниялары, ғалымдар, сондай-ақ Қазақстанның және жақын әрі алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Пленарлық және негізгі сессиялар барысында спикерлер жылуфизика, термодинамика, жылу сорғылары, жаһандық жылыну әлеуеті жоғары хладагенттерді тұтынуды азайту, сондай-ақ суыту және жылумен жабдықтау жүйелері мен климаттық техниканы пайдалану және қызмет көрсету мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Конференция барысында ғылыми идеяларды, академиялық әлеуетті және бизнесті біріктіру, жылуфизика саласын дамыту, энергия үнемдеу, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне арналған заманауи технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Дәстүрлі түрде «Қазақстан – Холод 2026» конференциясы білім беру, ғылым, бизнес, өндіріс және экология салалары өкілдерінің басын қосатын алаң болып табылады.

Іс-шараның ресми серіктестері: «Carel Kazakhstan», «Eurocold Servise LTD», «Imperium Caeli», «Компрессор», «Moon Environment Technology», «МЯСОМОЛМОНТАЖ».