«АЛМАТЫ - МЕНІҢ МАХАББАТЫМ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР
Алматы қаласының күніне арналған «Алматы - менің махаббатым» апталығы аясында АТУ студенттерінің қатысуымен бірқатар мәдени және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
14 қыркүйек - қаладағы «Алматы - менің махаббатым» флешмобы
Апталық аясында Алматы қаласында студенттердің қатысуымен флешмоб өтті. Қатысушылар музыка мен қозғалыс арқылы қалаға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
15 қыркүйек - АТУ-дағы «Алматы - менің махаббатым» флешмобы
Университет аумағында 100-ге жуық студенттің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Студенттер ортақ әуенге қосылып, бірлік пен көтеріңкі көңіл-күйді көрсетті. Іс-шара университет қабырғасында Алматыға деген сүйіспеншілікті білдірудің жарқын форматына айналды.
16 қыркүйек - «Музыкамен өрілген сырлы кеш»
Студенттерге арналған акустикалық кеш өтіп, қатысушылар сүйікті әндерін орындап, өз шығармашылығын ортаға салды. Кеш жылы әрі еркін атмосферада өтті.




