«Ғаламшардың жанды бояулары» атты студенттік жұмыстар көрмесі
С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасы студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.
«Ғаламшардың жанды бояулары» атты экспозиция табиғат тақырыбы мен планетаға ұқыпты қарау идеясын ашатын көркем туындыларды біріктірді.
Көрменің ерекше сәттерінің бірі — «Макеттеу» пәні аясында жасалған «бас киімдер» форматындағы шығармашылық жұмыстардың авторлық перформативті таныстырылымы болды. Бұл формат пішін мен көркем бейнені жобалаудағы креативті әрі тың көзқарасты көрсетуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар іс-шара аясында кітап иллюстрациясы бойынша шеберлік сабағы өтті. Қатысушылар кітаптың визуалды бейнесін жасау үдерісімен — идеядан бастап графикалық жүзеге асыруға дейін танысты.
Көрменің басты мақсаты — жас дизайнерлерді қолдау, визуалды мәдениетті дамыту және кең аудиторияны заманауи дизайн-біліммен таныстыру.
Талантты жас суретшілерімізге жаңа жобалар, шабыт және шығармашылық табыстар тілейміз!
Іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз:
Алданаева Айсұлу Мұханбетқалиқызы — «Дизайн» кафедрасының сеньор-лекторы;
Торемуратова Галия Едігеева — «Дизайн» кафедрасының сеньор-лекторы;
Алданаева Томирис Мұханбетқалиқызы — докторант, «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасының сеньор-лекторы.






