Академиялық ұтқырлыққа қатысатын АТУ студенттеріне стипендиялық қолдау
«АТУ Эндаументі» НККҚ «Стратегиялық даму» қайырымдылық бағдарламасы аясында 2027 жылғы көктемгі семестрде өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлыққа баратын АТУ студенттеріне стипендиялық қолдау көрсетеді.
Қолдаудың мақсаты — студенттердің шетелде білім алуына байланысты шығындарының бір бөлігін өтеуге жәрдемдесу.
Кімдер үміткер бола алады?
АТУ-дың академиялық ұтқырлыққа өз қаражаты есебінен жіберу туралы бұйрығына енгізілген студенттер.
Академиялық ұтқырлыққа қатысушыларды негізгі іріктеуді университет жүргізеді. Халықаралық ынтымақтастық департаменті (ДМС) тиісті рәсімдерді ұйымдастырады. Қор стипендия алушыларды университет іріктеуінен өткен студенттердің арасынан анықтайды.
Стипендия мөлшері
Бір оқу семестріне 270 000 теңге мөлшерінде стипендия бір рет төленеді.
Стипендия алушылар саны Қордың бекітілген бюджетіне қарай анықталады. Қолдау ең жоғары қорытынды балл жинаған үміткерлерге беріледі.
Бағалау кезінде не ескеріледі?
- Академиялық үлгерім — 40 балға дейін: транскриптпен расталған GPA көрсеткіші.
- Шет тілін меңгеру деңгейі — 30 балға дейін: қабылдаушы университеттегі оқу тілін меңгеру деңгейін растайтын тілдік сертификаттар.
- Студенттік және қоғамдық белсенділік — 20 балға дейін: соңғы екі жылдағы жетістіктер, волонтерлік қызмет, іс-шаралар мен жобаларға қатысу. Сертификаттармен, грамоталармен, алғыс хаттармен және өзге де құжаттармен расталады.
- Әлеуметтік жағдайлар — 10 балл: ата-анасының қамқорлығынсыз қалу, студенттің мүгедектігі, отбасының аз қамтылуы, көпбалалы отбасынан шығуы, ата-анасының бірінен немесе екеуінен айырылуы, отбасында асырауындағы мүгедектігі бар адамның болуы немесе сапарды қаржыландыруды едәуір қиындататын өзге де құжатпен расталған жағдайлар. Бірнеше негіз болған кезде балдар қосылмайды.
Құжаттарды Қордың қолданыстағы Сарапшылық комиссиясы бағалайды. Стипендия тағайындау Қор директорының бұйрығымен ресімделеді.
Қандай құжаттар қажет?
- GPA көрсетілген транскрипт;
- шет тілін меңгеру деңгейін растайтын тілдік сертификаттар;
- студенттік және қоғамдық белсенділікті растайтын сертификаттар, грамоталар, алғыс хаттар және өзге де құжаттар;
- әлеуметтік жағдайларды растайтын құжаттар — тиісті негіздер болған жағдайда;
- стипендиялық қолдау алуға арналған өтініш-келісім;
- сапарды қаржыландырудың өзге көздері туралы мәліметтер;
- төлем тағайындалған жағдайда — студенттің өз атына ашылған банктік шот деректемелері.
ДМС-ке бұрын тапсырылған, Қорға қолжетімді және өзектілігін сақтаған құжаттарды қайта тапсыру қажет емес. Студент жетіспейтін құжаттарды ғана ұсынады.
Құжаттарды ұсыну мерзімі мен тәртібі тиісті бұйрыққа енгізілген студенттерге Қор және ДМС арқылы хабарланады.
Стипендия алушының міндеттері
Стипендия алушы академиялық ұтқырлыққа қатысуын растауға, оқу аяқталғаннан кейін қысқаша есеп пен оқуды растайтын құжат ұсынуға міндеттенеді.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық семестрінен кейінгі семестрде АТУ мен Қордың волонтерлік және қоғамдық пайдалы қызметіне 25 сағат қатысуы қажет. Қызметтің мазмұны мен кестесі оқу кестесін ескере отырып келісіледі.
Байланыс
Қор, стипендиялық қолдау мәселелері бойынша: +7 702 495 23 34 — WhatsApp.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті (ДМС), академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша: +7 707 146 88 92.
Толық шарттар мен өтініш-келісім нысаны стипендиялық қолдау көрсету қағидаларында берілген.
Академиялық ұтқырлыққа бағытталған АТУ студенттеріне стипендиялық қолдау көрсету қағидалары