Академиялық ұтқырлық және шет тілдерін үйрену: АТУ студенттерімен кездесу
АТУ студенттері АТУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Алиярова Мадина Бірлесқызының және «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының неміс тілі оқытушысы, PhD, Michael Kleineberg-тің қатысуымен өткен кездесуге қатысты, кездесу барысында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы, сондай-ақ университетімізде шет тілдерін оқыту туралы толық ақпарат алды.
Біздің университетте академиялық ұтқырлық географиясын кеңейте отырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді. Жыл сайын АТУ-дың 500-ден астам студенті шетелдік жоғары оқу орындарында білім алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында АТУ-да шет тілдерін үйренуге арналған тегін курстар ұйымдастырылған. Биыл Michael Kleineberg мырза біздің студенттерге неміс тілінен сабақ береді. Kleineberg мырза АТУ-ға DAAD бағдарламасы бойынша келді, Германияның академиялық алмасу қызметі-академиялық байланыстарды, білім мен ғылымды қолдайтын Германияның ең ірі мемлекеттік ұйымы. АТУ мен DAAD арасындағы ынтымақтастық - АТУ-дың халықаралық білім беру және ғылыми қоғамдастықта танылуының тағы бір дәлелі.
Академиялық ұтқырлық және тіл клубтарына қатысу туралы толығырақ ақпарат: Төле би көшесі, 100, 703 кабинет, +7 707 146 88 92



