Академиялық ұтқырлық, Hof University of Applied Sciences оқу семестрі

Академиялық ұтқырлық, Hof University of Applied Sciences оқу семестрі

АТУ студенттері үшін бұдан да көп мүмкіндіктер! Германияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Hof University of Applied Sciences университетінде білім алуға өтінім қабылдау ашылды!

2026 жылғы 31 қазанға дейін өтінім беруге үлгеріңіз - аты-жөніңізді, факультетіңізді, курсыңызды, электрондық поштаңызды және халықаралық сертификаттың атауын mobilnostatu@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз, хат тақырыбын көрсетуді ұмытпаңыз: Hof University – Spring 2027.

Халықаралық тәжірибе жинақтау және кәсіби байланыстар шеңберін кеңейту, жаңа кәсіби дағдыларды игеру және шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Бағдарлама келесі білім беру бағдарламаларының студенттеріне қол жетімді:

  • 6B06103 - Бағдарламалық инженерия;
  • 6B06101 - Ақпараттық жүйелер;
  • 6B02101 - Дизайн;
  • 6B07205 - Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы;
  • 6B07107 - Цифрлық энергетика;
  • 6B07105 - Технологиялық машиналар және жабдықтар;
  • 6B05201 - Экология;
  • 6B04103 - Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Іріктеу критерийлері:

  • ағылшын тілі - сертификатпен расталған B1 деңгейінен төмен емес;
  • GPA - 2,5-тен төмен емес.

Номинациядан кейін университет 2026 жылдың 5-30 қарашасы аралығында Hof University-ге құжаттарды тапсыруы керек. Өтінім беру жөніндегі нұсқаулықтар электрондық поштаға жіберіледі.

Сұрақтарың болса, сені АТУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінде күтеміз: Төле би көшесі, 100, 703-кабинет, +7 707 146 88 92.