Академиялық ұтқырлық  бағдарламасына конкурс жарияланады АТУ — Мендель университеті (Брно, Чехия)

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ  БАҒДАРЛАМАСЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

АТУ — Мендель университеті (Брно, Чехия)

ERASMUS+ KA171 бағдарламасы аясында 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде Брно қаласындағы Мендель университетінің академиялық ұтқырлық  бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық департаменті өтініштер қабылдау басталғанын жариялайды.

  1. Оқытушылар үшін
  • Тағам технологиялары факультетінің оқытушылары қонақ дәрістер бағдарламасына қатысуға шақырылады.
  • Мақсаты: Серіктес университетте (Чехия) дәрістер курсын өткізу.

Талаптар:

  • Тағам технологиялары факультетінің оқытушылар құрамында (толық штатта) болуы керек.
  • Ағылшын тілін еркін меңгеру (дәріс оқуға жеткілікті деңгейде).
  • Брно қаласындағы қабылдаушы факультеттің бейіні бойынша өзекті дәрістер бағдарламасының болуы.

 

  1. 2. Студенттер үшін (2-ші курс)

2026-2027 оқу жылының  күзгі семестріне үміткерлерді іріктеу жарияланады.

Талаптар:

  • Тағам технологиялары факультетінің 2-курс студенті болу.
  • Академиялық көрсеткіші: GPA 3.0-ден жоғары.
  • Ағылшын тілін меңгеру: кемінде B2 (IELTS, TOEFL немесе баламалы талаптар қажет).

Өтініш беру рәсімі

  • Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 15 наурызына дейін.
  • Қайда өтініш беру керек: Халықаралық департаментының кеңсесіне, mobilnost@gmail.com, interatu@gmail.com 703 бөлмесi, АТУ бас ғимараты.
  • Комиссия мүшелерінің отырысы: 2026 жылғы 16 Наурыздан басталған аптадан  өтеді. Нақты уақыты мен орны кейінірек жарияланады.

Тағам технологиялары факультетіне өтініш:

Конкурстық іріктеуден тиімді өту үшін үміткерлер тізімін сапалы дайындау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.